Бос жұмыс орындары

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК белсенді, мақсатты, өз білімі мен дағдыларын істе қолдануды қалайтын кәсіби мамандарға жалақысы лайықты, қызықты жұмыс ұсынады. Біз қызметкерлеріміздің кәсіби және мансап жағынан өсуіне атсалысуға тырысамыз.

Бізге өз түйіндемеңізді жіберіңіз.

Біз Сіздің хабарламаңызды қуанышпен қабылдаймыз және құжаттарыңызды алғаннан кейін міндетті түрде Сізбен байланысқа шығамыз.

Көрсетілген бос жұмыс орындары тізімі арасында Сізге қажетті мамандық болмаса, Сіз бізге өз түйіндемеңізді жолдаңыз, түйіндеме автоматты түрде біздің орталықтың кадрлар резерв қорына түседі. Бізде Сіз көрсеткен мамандыққа қажеттілік туындаған кезде Сізге хабарлаймыз.

Байланыс ақпараты:

ШҚО, Өскемен қаласы, Өтепов к., 35, 37.
E-mail: otd_kad_cmir@mail.ru
Тел.: (727) 275-54-16
Факс: (727) 275-55-84

«Ана мен бала орталығына» ШЖҚ КМК келесі мамандар қажет:

Мамандық Саны
Терапевт дәрігері 1
Балалар нефролог дәрігері 1
Балалар инфекционист дәрігері 2
Функционалдық диагностика дәрігері 1
Балалар хирург дәрігері 2
Балалар травматолог-ортопед дәрігері 3
Балалар нейрохирург дәрігері 1
Ересектер анестезиолог-реаниматолог дәрігері 7
Балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері 5
Балалар бет-жақ хирург дәрігері 3
Трансфузиолог дәрігері 3
Акушер-гинеколог дәрігері 13
Педиатр-ВОП дәрігері 12
Учаскелік жалпы тәжірибе дәрігері 3
Неонатолог дәрігері 4
Балалар офтальмолог дәрігері 4
Балалар оториноларинголог дәрігері 2
Невропатолог дәрігері 2
Бактериолог дәрігері 2
Зертхана дәрігері 1
Генетик дәрігері 3
УЗД дәрігері 5
Рентгенолог дәрігері 3
Физиотерапевт дәрігері 1
ЛФК дәрігері 1
Балалар онколог-гематолог дәрігері 1
Клиникалық фармаколог дәрігері 1
Медбике
Акушерлер