Заманауи жүкті болып қалуға қарсы құралдар

Көптеген контрацепциялық құралдар және әдістер бір-бірінен жүкті болып қалуға қарсы қызметі бойынша ерекшеленеді.

  1. Жүкті болып қалудың алдын алуға арналған физиологиялық әдістің мәні - менструалдық циклдың овуляцияға жақын мерзімі жүкті болып қалуға қолайлы күндер болып саналады, ал циклдың басқа мерзімінде (циклдың басы және аяғы) жүкті болу мүмкіндігі төмен болады, сондықтан бұл мерзімде болған жыныстық қатынас нәтижесінде әйел адам бала көтермейді. «Анағұрлым қауіпті» болып саналатын күндері жыныстық қатынасқа түспеу немесе контрацепциялық құралдарды қолдану қажет. «Қауіпті» және «қауіпсіз» күндер арнайы әдістер арқылы анықталады.
  2. Биологиялық контрацепция түрлері овуляцияны гормондар арқылы төмендетеді, сперматозоидтардың аналық клеткаға ену қабілетін азайтады.
  3. Хмиялық контрацепция әдістері арқылы әйел адамның жыныстық мүшелеріне енген сперматозоидтарды жансыздандыруға және қимылсыздандыруға болады, бұл әдісіті тек әйелдер қолданады.
  4. Механикалық құралдар сперматозоидтардың қынапқа (ер адамдардың презервативтері) және жатыр мойнағына (жатыр мойнағына кигізілетін қалпақшалар, қынап тампондары) енуіне жол бермейді.
  5. Хирургиялық контрацепция әдістері аналық клетканың түтіктер арқылы жылжуына (түтіктерді байлап тастау), немесе ер адамның ұрығының құюлуына (ұрық құятын ағынды байлау) жол бермеуге бағытталады. Оларды дәрігер жүкті болу қабілетін толық тексеріп ғана қолданады (туа біткен тұқым қуалаушылық аурулар, ауыр жүрек ақаулары, нерв жүйесі аурулары – яғни, тұрақты және емделмейтін аурулар).

Сонымен, жүктіліктің алдын алудың әртүрлі әдістері бар, оларды ағзаның жалпы жағдайына, физиологиялық үрдістер ағымының ерекшелігіне, жыныстық қатынастар түріне, жыныстық жүйе құрылысына қарай таңдауға болады. Мұны ерлі-зайыптыларды толық тексеріп, олармен сенімді сұхбат жүргізе отырып, тек дәрігер ғана жүзеге асырады. Сондықтан әртүрлі әдістерді таңдамас бұрын дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Физиологиялық контрацепция әдістері

Әйел адамдардың овуляция кезеңінің басталу уақыты тұрақты болып табылады, тек әркімдікі 1-2 күнге ерекшеленуі мүмкін, дегенмен, әрбір әйел адам үшін овуляция кезеңінің басталуының өзіндік ерекшелігі болады. Сол себептен физиологиялық контрацепция әдістерін қолданбас бұрын овуляцияның басталу күнін шамалап анықтап алу қажет. Бүгінгі күні овуляцияның басталу мерзімін анықтаудың бірнеше әдісі бар. Кейбір әдістер дәрігер арқылы жүзеге асырылады, басқа әдістерді әйел адамдар өздігінен қолдана алады.

Бұл әдістердің бірі ағзаның базальды немесе ректальды (ректум сөзі латынша - тік ішек) температурасын өлшеу арқылы жүргізіледі, өйткені овуляция басталғаннан кейін дененің температурасы 0.4-0.6 С-ға дейін көтеріледі.

Овуляция мерзімінің басталуын заманауи анықтау әдісі – ол овуляцияны анықтайтын тест жолағы болып табылады.

Гормоналды контрацепция әдістері

Овуляция үрдісі гипоталамус бен гипофиздің гормоналды заттарының аналық бездеріне бірігіп әсер етуі арқылы жүзеге асады. Аналық бездерінің гормондары және ер дамдардың жыныстық гормондарына ұқсас кейбір заттар гипоталамус бен гипофиздің қызметіне тежеуіш әсер береді. Гипоталамус пен гипофиз жүйесіне тежеуіш әсер жасалған кезде овуляция жүзеге аспайды.

Гормоналды дәрілік құралдарды қолданған кезде контрацепциялық әсер ету келесі түрде жүзеге асырылады:

  1. Овуляцияны тежеу. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданған кезде овуляцияның тежелуі гипоталамус бен гипофиз жүйесінің аз мөлшерде гормон бөлуі арқылы жүзеге асады, сол себептен, аналық безде толық фолликул дамымайды және овуляция пайда болмайды. Сонымен қатар циклдық үрдістер толығымен тоқтап қалмайды, олар тек баяу жүреді, сондықтан ағзада гормондар қалыпты көбейеді және қалыпты азаяды, ал бұл менструалдық циклды сақтап тұрады.
  2. Аналық бездерге әсер ету. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданған кезде аналық бездер гипоталамус бен гипофиз жүйесінің гормондарына сезімталдығын жоғалтады, сондықтан овуляция туындамайды. Зерттеулер бойынша гормоналды дәрілік құралдарды ұзақ уақыт қолданған әйелдердің аналық бездері кішірейеді. Алайда аналық без құрамында фолликулдар саны азаймайды және күрделі анатомиялық өзгерістер туындамайды.

    Гормоналды дәрілік құралдарды қолдануды тоқтатқан әйелдерде тез арада аналық бездерінің көлемі және қызметі қалыпты жағдайға келеді, кейде менструалды циклы бұзылған әйелдердің аталған циклы дұрысталып жатады.

  3. Жатырдың шырышты қабатына әсер ету. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданған кезде микроскопиялық зерттеулер арқылы жатырдың шырышты қабатынада атрофиялық үрдістердің дамитыны анықталды, яғни: бездер жайпақ , тар бола түседі, без қабатының қалыңдығы азаяды, яғни, аналық безге ұрық түссе де, ол жатырдың шырышты қабатына ене алмайды. Осы өзгерістер салдарынан етеккір тура бір мерзімде келеді, алайда өте аз мөлшерде болады (гормоналды дәрілік құралдарды қолданғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда) және 3-4 күн ғана жүреді.

    Гормоналды дәрілік құралдарды қолдануды тоқтатқаннан кейін 1-2 айдан соң етеккірдің келу сипаты толық қалпына енеді.

  4. Жатыр мойнағы каналының шырышы сипатының өзгеруі. Ұрықтану сипатына және сперматозоидтардың жатыр мойнағы каналы арқылы ену қабілетіне сол шырыштың сипаты әсер етеді. Атап айтқанда, менструалды циклдың ортасына қарай шырыштың тұтқыр болуы азая түседі. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданған кезде шырыштың тұтқырлығы көбейеді, шырыштың өзі азаяды, сол себептен жабысқақ бола түскен шырыш арқылы сперматазоидтар дұрыс қозғала алмайды. Шырыштың қышқылдығы өзгере түседі (оның сілтілігі азаяды), бұл да спарматозоидтардың баяу қозғалуына себеп болады.

  5. Аналық бездің жатыр түтіктері арқылы өту уақытын өзгерту. Аналық бездің қалыпты ұрықтануы үшін және оның ары қарай дамуы үшін аналық бездің жатыр түтіктері арқылы дұрыс қозғалуы қажет. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданған кезде түтіктер қысыла түседі, сондықтан аналық бездің түтіктер арқылы қозғалуцы баяулайды.

    Осылайша, гормоналды дәрілік құралдарды қолдану бүгінгі күні жүктіліктің алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады.

    Гормоналды дәрілік құралдардың арасында таблетка түрінде ішілетін түрлері анағұрлым кең тарады. Олардың қолдану қарапайымдылығы мен сенімді әсері танымал болуын ықпал етті.

    Соңғы екі онжылдықта қолданылатын жаңа гормоналды препараттар пайда болды:

    1. жатыр ішіне жіберетін түрі,
    2. терілік бұласыр түрінде;
    3. қыныпқа сақина түріндегі гормоналды дәрілік құралды 21-24 күн мерзімдік етеккірден кейін ендіреді.

Гормоналды дәрілік құралдарды қолдануды тоқтатқаннан кейін ережеге сәйкес, әйелдерде бала біту қаблеті артады сондықтан таблетка қабылдауды тоқтатқан соң алғашқы 3-4 айда жүктіліктің алдын алу ерекше мұқият түрде сақтау керек. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданғанда оларды дұрыс пайдалануыдың тиімділігі 100% жақындады.жүкті болып қалуға қарсы

Механикалық контрацепция әдістері

Жүктіліктің алдын алуға тағайындалған негізгі механикалық құралдардың қай-қайысы болса да, оның қорытындысы сперматазоидтар мен аналық бездің бірігуіне кедергі жасауға арналаған яғни сперматазоидтардың жатырға өтіп кетуіне жол мермейді.

Механикалық құралдық әдістің өте кең тараған түрі еркектік мүшеқап болып табылады ол синтетикалық кучуктың жоғары сортынан дайындалып жасалған. Бұл жүктіліктің алдын алудың ең тиімді түрі. Оны пайдалануда кейбір ережелерді сақтау маңызды:

  1. екі жылдан аса сақталған мүшеқапты, пайдалануға болмайды;
  2. мүшеқап жыртылып кетпес үшін еркектік ұрықтың жиналатын жері яғни тар боп тұрған ұшын бостау қалдыру;
  3. жыныстық қатынастан алдын мүшеқаптың ұшын креммен майлау;
  4. қолданар алдын мүшеқаптың бүтіндігін тексеру;
  5. жыныстық қатынастан кейін мүшеқаптың бүтін еместігі анықталса, әйел жүкті болып қалуға қарсы құрал химиялық ерітіндімен бүркіп жуу.

Еркектік мүшеқапты ұзақ уақыт пайдалану салдарынан кейде – еркектің жыныс мүшесімен қынап арасындағы тікелей байланыс барысында жыныстық қатынасты сезінуі төмендеп ұнамсыз қалге әкеледі. Еркектік мүшеқапты қолдану барысында қынаптың сулануы жеткідлісіз болу салдарынан (ысқыланудан) қынаптың кіру аймағында тітіркену пайда болады. Мүшеқапты қолданғанда жыныстық қатынастың ұзаққа созылуы жиі кездеседі ол барлық уақытта орынсыз болып, салдарынан әйел мен еркектік денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Сонымен қатар соңғы жылдары жыныс жолдары арқылы келіп түскен аталық ұрықтың әйелге пайдалы әсерінің бар екендігі зерттеліп анықталаған. Қынапқа құйылған ағыл-тегіл шәуеттегі ақуыздың құрылымында, ферменттер, еркектің жыныстық гармондарының саны аз мөлшерде құрайды. Бұл заттар қынапқа сіңеді, оның әсер ету механизімі әлі толық табылмаған, бірақ қынапқа түскен шәует оны қысқартатыны анық. Организмде кейбір бұлшық еттер және жатырдың өзі де толықтай жыныстық қатынастан қанағаттанады.

Еркектік мүшеқап сияқты контрацепция тиімділік жағы 60-80% құрайды. Еркектік мүшеқаптың қарапайымдылығына қарамастан оны уақытша пайдаланудың құралы ретінде қолдану ұсынылады.

Әйелдер мүшеқабы да бар. Қынаптың қабыну кезеңінде, жатыр мойны және оның арналары жатыр мойнының (эрозиясы) болғанда оны қолдануға абсолютты түрде қарсы көрсетілімі бар. Әйелдер мүшеқабы тек дәрігерлік қаралудан кейін ғана пайдалана алады. Әйелдер мүшеқабын таңдауда әрбір әйелдің қынабы мен жатыр құрылымының ерекше есебімен жүргізіледі.

Әйелдер мүшеқабы әртүрлі мойынды қалпақша немесе қынаптық мүшеқап болып жатыр мойнынан қынаптың арасын бөліп тұратын қалқа шымылдық яғни резеңкелі қалқа шымылдық түрінде шығарылады.

Жүкті болып қалуға қарсы жатырішілік құрылғы

Жатырішілік контрацепциялық идеясы ерте заманның өзінде болған. Тіпті бірнеше жүз жыл бұрынғы көшпенділер шөл даладан көшкен кезде буаз жануарлар көшіп қонуды көтере алмайтынын білген, сондықтан ұрғашы түйенің жатырына ұрықтанбас үшін бірнеше ұсақ тастар салған. 2300 жылдан бұрын жасаған және ерте замандағы Грецияның ұлы дәрігері Гиппократ та жатырішілік контрацепция туралы ескерткен.

Жүкті болып қалуға қарсы жатырішілік құрылғының материалы серіппелі-иілімді және (кез-келген алғашқы түрі) жеңіл түзу созылғыш жіпті болады. Жатырішілік құрылғы материалының өзіндік ерекше қасиетіне байланысты ауырсынбай және емін-еркін жатыр қуысына ендіреді. Жатырішілік құрылғы ендіруге арналаған арнайы ұзын турбус-шприцке (өткізгіш), бала бітуге қарсы жатырішілік құрылғыны түзуленген қалпты түрде салынады; шприцті жатыр қуысына кіргізіледі және поршеньді итеріп шығарады ол өздігінен өзінің алғашқы пішініне қайта келеді (ілгіш, шиыршық, «зонтик» ж.т.б.) яғни және жатырды ұстап тұрады. Жатырішілік құрылғыны алып тастау қажет болған жағдайда жатырішілік контрацепцияны жатыр қуысындағы қыныпта жайласқан жіпті пинцитпен тартып шығарып алады. Қынаптағы жіп ерлі-зайыптыларға қолайсыздық тудырмайды.

Соңғы жылдары шығып жатқан жатырішілік контрацепция материалына сыртқы оралымы биологиялық, жекелеген бактерияға қарсы өзіндік қасиетімен үйлестіруші мүмкіндігі бар жатырішілік жасалған құрылғы пайда болды ЛЖК (Ленинградтық жатырішілік контрацепция) яғни тұрақты түрде аз мөлшерде залалсыздандырушы затты шығарып тұратын және ең қажеттісі қабынудың дамуын алдын алады.

Бұл сыртқы оралымының құрамында мыс, күміс, алтын бар. Бұл мынадай 1) ЖІШ Юнон сияқты, оның құрамында: жіп, күміс+мыс. 2) ЖІШ Голд-Лили оның құрамында: жіп және алты; 3) ЖІШ Мирена оның құрамында: жіп, күміс+ гормоналдық контейнер бар.

Құрылымы нәзік жіптен болған контрацепцияларда етеккірдің қызметі бұзылмайды жатыр қуысындағы жылыстап ағуларға тосқауыл болмайды. Тіпті жүктіліктің басталу жағдайында қалыпты өтеді жатырдың шырышты қабытындағы контрацепциядан бос орындарда ұрық жетерлі дәрежеде дамиды.

Зертханаларда жүкті болып қалуға қарсы жатырішілік құрылғының жаңа түрлерін және оның қолдану тәсілдерін ғылыми тұрғыдан іздестіру үстінде. Жатырішілік құрылғыны қолдануды ерекше ұсынып отыр, оның құрамындағы мыс (мыс иондары, бұл шығарушы құрылғы, ұрықтануға тосқауыл болатын қасиетке ие), гормондар, мысалы прогестерон (жатырдың шырышты қабатына әсер ету) .

Хирургиялық контрацепция әдістері

Жүктіліктің алдын алушы хирургиялық әдіс тек арнайы медициналық көрсеткіштерде ғана қолданылады, оны қолданғанан кейін (ұрықтана алмайды) содан соң өмір бойы бедеу болып қалады.

Қолданған хирургиялық бедеулік әдісінен кейін әйелге оның жыныстық қатынас жасауына әсер етпейді ескертіледі.

Кебір уақытта хирургиялық әдісті, бас миында, бауырында, бүйрегінде, туа біткен ауыр науқасы болған немесе психологиялық ауруға шалдыққан және жүктілік барысында әйелдің денсаулығын жоғалтуына әсер ететен немесе бала кемтар боп туылатын және басқа да ауруы болған әйелдерге жасалады.

Хирургиялық бедеулік әдісінің ең көп тараған түрі бұл түтіктерін байлап тастау - әдісі болып табылады, оның ешқандай зияны да салдары да болмайды. Ол тек арнайы медициналық комиссияның (дәрігерлер консилиумы) қорытындысы және науқастың келісімі бойынша жасалады.

Түтіктерін байлап тастау яғни ол операция жасау арқылы жасалады. Кей кезде екінші жүктілік жағдайына байланысты, жүктіліктің соңында босандыру тек кесар тілігі арқылы болатын жағдайлар да туындайды. Өмірде денсаулыққа қауіпті. Мұндай жағдайларда әсіресе жазылмайтын жүрек ақауы, туа біткен бүйрек ауруы, қайталанған кесар тілігі, дәрігерлер кесар тілігі операциясын пайдалана отырып, әйелдерге бір мезгілде жатыр түтіктерін байлап тастуды ұсынады (бедеулік). Бұл жағдайда ұсынылған араласуға әйелдердің келісім беруі сөзсіз дұрыс себебі оның өміріне қауіпті болған екінші қауіп-қатерден жүктіліктен, түсік жасатудан құтқарып қалады және т.б.

Хирургиялық контрацепция әдісінің қолдану барысында бедеуліктің дамуы тұрақты болады, ал қалған контрацепция әдістерінің барлығы бедеулік уақытша құбылыс болып табылады (басқарылатын).

Қорытынды

Негізінен ұрықтану үрдісітерінің білімі жүкті болып қалуға қарсы заманауи құралдардың алуан түрі бойынша дайындық үстінде, еркектер мен әйелдер жетілдіруде, жатырдағы аналық бездің ұрықтанудағы тікелей механизмдерін ендіруде әрбір нақты жағдайда соның ішінен ең тиімдісін және зиянсызын іріктеп алу.

Денсаулық жағдайын есепке ала отырып, жүкті болып қалуға қарсы құралдарды іріктеу жыныс органдарының құрылымын, ерлі зайыптылардың жыныстық қатынастарының ерекшелігін, олардың тұрмыс жағдайын, еңбегін, бұл мәселе бойынша медициналық қызметкерлерді бақылап мағлұмат беру. Жүктіліктің алдын алу шараларын пайдалану бойынша және өте қолайлы контрацепция құралын іріктеп таңдауда бойынша кейіншелік өзара түсініспеушілік болмау үшін мұндай мәселеде ерлі зайыптылыр кеңес алуға бірге келгені өте дұрыс болады.

Контрацепцияның қайсы түрін болса да отбасын жоспарлау актісі бойынша толықтай саналы түрде дұрыс қолданылып, қажетсіз психологиялық және тәнін жарақаттап зақымданудан аулақ болуға көмектеседі сонымен қатар ерлі зайыптылар денсаулығы ғана емес және олардың балаларына да қолайсыз әсері болмау керек.

Сізге қажетті контрацепция әдістері туралы контрацепция жөніндегі барлық қызықтырушы мәселелер бойынша ұсыныстарды дәрігердің қабылдауына келіп аласыз.

Дәрігер Ильенкова