Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі

Сәлеметсіздер ме!

«Ана мен бала орталығының» Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметіне қош келдіңіз.

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметінің мақсаты – көкейкесті мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсетудің сапасын ары қарай жақсарту.

Егер Сіз төмендегі жағдайларға тап болсаңыз:

  • көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медициналық ұжым тарапынан дөрекі мінез-құлық байқасаңыз;
  • тегін медициналық көмекке берілген кепілдік көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық ұйым тарапынан ақшалай пара алу деректеріне куә болсаңыз;
  • сонымен қатар көрсетілген медициналық көмектің сапасына және тәртібіне байланысты басқа мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ сенім телефоны (75-54-02), мекеменің әрбір қабатында орналасқан өтініштер жәшігі арқылы, сонымен қатар медициналық мекеменің сайтына хат жолдап, немесе ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ басшысы - Мажиринова Қарлығаш Закимқызына тікелей жүгінуге болады.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ пациенттердің өзі және олардың туыстары өтініш білдіре алады.

Біз Сіздердің өтініштеріңіз, ескертулеріңіз және тілектеріңіз үшін риза боламыз, өйткені олар біздің ұйымымыз көрсететін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектеседі.

Құрметпен, Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі