Бөлім туралы ақпарат

Бұл бөлімде Сіз маманға жазыла аласыз, ол үшін баланың аты-жөнін және мекенжайын көрсету қажет. Өтінішті бергеннен кейін Сізге код жолданады, жауапты қарау үшін сол кодты сайтқа жазу керек.

Жауап туралы хабарламаны электрондық пошта арқылы алғыңыз келсе, онда электрондық мекенжайыңызды көрсетуіңіз қажет. Бұл мекенжайға код жолданады, сол код арқылы сіз маманға жазылу туралы жауапты көре аласыз. Арнайы кодты біле отырып, жауапты осы бөлімнен де көруге болады.

Ұсынылған қабылдау уақытына келісетініңізді немесе бас тартуыңызды міндетті түрде растауыңыз қажет.

Кеңес беру балалар емханасына жүгінген кезде өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:

  1. Маманға портал арқылы берілген жолдама.
  2. Учаскелік педиатрдан алынған жазба.
  3. Тұрғылықты мекенжайы бойынша алдын ала жасалған талдаулар немесе рентген суреттері.

Тіркеу орнына жүгіну қажет, ол жерде электрондық амбулаторлық карта жүргізіледі және АИС Емхана порталы бойынша алынған жолдама нақтыланады.

Келесі телефондар бойынша бейінді мамандарға жазылуға болады: 8 (7232) 70-06-14; 75-54-11 ; 75-55-28. УПҚ бойынша – 75-55-21, 75-55-51, 75-54-28.

Проблемалық сұрақтар туындаған жағдайда кеңес беру балалар емханасының меңгерушісіне жүгінуге болады, кабинет №111, кеңес беру балалар емханасының 1 қабаты.