Елімізде барлық азаматтар үшін мынадай инфекцияларға қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізіледі:
Туберкулез, В вирусты гепатиті, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді инфекция (ХИБ-инфекция), пневмококк, қызылша, қызамық, паротит, А вирусты гепатиті, адам папилломасының вирусы. Олар тіркелген жері бойынша немесе жасына қарай мектептерде ұйымдастырылған түрде қойылады.
Көптеген егулер кешенді түрде жасалады, мысалы, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, гемофильді инфекцияға қарсы иммундау үшін "Пентаксим" деп аталатын бір реттік вакциналық препарат қолданылады. Алайда біздің күнтізбемізде Гексаксим және Пентаксим құрамындағы белсенділігі жойылған полиомиелиттік вакцина (ИПВ) компонентімен жүргізілетін вакцинация бар екенін атап өткен жөн, сонымен қатар полиомиелитке қарсы вакциналау BIOPOLIO B1/3 деп аталатын полиомиелиттік вакцина ауызға тамызу арқылы (ОПВ) жүргізіледі.
ИПВ-ның үш егуі организмді вакцинациялауға «дайындайды», содан кейін балаға ауызша полиомиелиттік вакцина тамызылады. Қазір көп компонентті егулер ағзаға үлкен «жүктеме» береді немесе бөлек қойылатын вакциналармен салыстырғанда тиімділігі төмен деген аңыз бар. Бұл пайымдаулар ескірген аңыздар болып табылады. Қазіргі заманғы иммунология тіпті медициналық кабинетке бірнеше рет бару қажеттілігін төмендету мақсатында егулерді біріктіруді ұсынады. Қазіргі заманғы құрама вакциналар тек бір компоненттен тұратын олардың аналогтарынан кем емес.
Сондай-ақ, егер сіз немесе сіздің балаңыз қандай да бір вакцинаны өткізіп алмаған болса, сізге жеке кесте бойынша вакцинаны алуға құқық беріледі.
Ол үшін тіркелу орны бойынша учаскелік дәрігерге жүгіну қажет және қажет болған жағдайда, учаскелік дәрігермен бірге, вакцинация кестесіне сәйкес вакцина алу күнін таңдай аласыз.
Дәрігер эпидемиолог
Мещеряков И.М.