Балалар аденоидтары

Аденоидтар мұрын жұтқыншағы күмбезінде, мұрын қуысы жұтқыншаққа ауысатын тұста, орналасады және лимфаденоидтық жұту сақинасының құрамына (тіл, түтік және таңдай бадамшаларымен бірге) енеді.

         Аденоидтардың көлемі мен ерекшеліктері генетикалық бейімділікке, жоғары тыныс жолдарында болған инфекцияларға және бадамшаның осы қабынуына байланысты. Балалардың мұрын жұтқыншақ бадамшалары 5-7 жасқа дейін белсенді өседі, ал одан кейін оның баяу инволюциясы, яғни кішіреюі басталады. әдетте ол 13-14 жасқа таман тоқтайды (бірақ ерекше жағдайлар кездеседі).

Мұрын жұтқыншағы бадамшасы иммундық қорғаныс органы болғандықтан, ол иммунитетке немен күресуге тура келетінін көрсетіп, мұрын арқылы түскен микроорганизмдерге қарсы әрекет етеді. Сондықтан да аденоидтардың өсуіне: қабынуы және/немесе гипертрофиясына балалардағы жиі инфекция себеп болады. Аденоидтар аса қатты үлкейген жағдайда қиындық туғызады.

Аденоидтар гипертрофиясын үш дәрежеге бөледі:

1-дәреже – мұрын жұтқыншағы бадамшасы танаутесіктің (мұрын қуысын мұрын жұтқыншағымен қосатын мұрын тесігі) жоғары бөлігін жауып қалады;

2-дәреже – мұрын жұтқыншағы бадамшасы танаутесіктің 2/3 жауып қалады;

3-дәреже – мұрын жұтқыншағы бадамшасы танаутесіктің түгелдей дерлік жауып қалады.

Алайда зерттеулер аденоидтар көлемі көрінудің айқындылығымен үнемі сәйкес келе бермейтінін байқатады, сондықтан емдеу тәсілін таңдауда дәрігер бірінші кезекте гипертрофия дәрежесіне емес, ауру белгілеріне назар аударады.

Аденоидтар гипертрофиясының белгілері: мұрынмен тыныстаудың қиындығы, шуылдап тыныстау (пысылдау), ауызбен тыныстау, ұйқы кезінде тыныстаудың бұзылуы (апноэ), маңқалық.

Ұйқы кезінде тыныстаудың бұзылуы – ұйқының обструктивті апноэсы қорылдаудан, тыныс алудың уақытша бірнеше секундқа тоқтауынан көрінеді. Соның кесірінен күндізгі ұйқышылдық, тез шаршағыштық, өсу мен дамудың бұзылуы, оқу мен мінез-құлықта қиындықтар пайда болады.

Аденоидтардың гипертрофиясының кезіндегі асқынулар: есту түтігі жұмысының бұзылуынан және/немесе аденоидит кезіндегі инфекция ошағының жақындығы салдарынан пайда болатын қайталанбалы ортаңғы отит және оның салдарынан есту қабілетінің нашарлауы; төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы,; зәр шығару жолдарының инфекциясы; тістүйістің бұзылуы – бет әлпеттің аденоидті типі қалыптасу.

Диагностика әдістері:

1-әдіс – жұтқыншақты саусақпен басып тексеру.

2-әдіс – арнайы кішкентай айнамен ауыздан қарау (артқы риноскопия);

3-әдіс – қырынан проекциялау (Земцовше) мұрын жұтқыншағының рентгенографиясы;

4-әдіс – эндоскопия (оптикалы арнайы түтікше мұрын қуысынан мұрын жұтқыншағына дейін енгізіледі). Бұл әдіс ең жиі таңдалатыны әрі сенімдісі. Анатомиялық құрылымды толығырақ көру қажет болған жағдайда МРТ немесе КТ керек болады.

Емдеу: Консервативті – мұрын тамшылары, физиотерапиялық процедуралар түріндегі жергілікті ем, белгілер бойынша антибактериялық терапия және десенсибилизиялық терапия.

Оперативті – консервативті терапия оң әсер етпеген, тұрақты асқыну болған жағдайда аденотомия көрсетілген. Аденотомия аденотоммен жергілікті анестезиямен немесе эндовидеоскопиялық бақылаудағы эндотрахеалды наркозбен жүргізіледі.

 

Ата-аналарға кеңес: 1) егер баланың мұрны бітелсе, міндетті түрде педиатрға көріну қажет.

2) |Егер мұрын бітелу ұзаққа созылса (10 күннен астам), міндетті түрде ЛОР дәрігерден кеңес алу.

3) күн сайын барлық отбасы тыныс алу жаттығуларын жасау (қазір олардың көптеген түрі бар).

 

 

 

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК ЛОР дәрігері Роза Серикполовна Мажитаева

87053339259