Пертес ауруы

Шығыс Қазақстан облысының ортопедиялық қызметі көп бейінді Балалар Облыстық ауруханасының, қазіргі кезде «Ана мен бала орталығының» ШЖҚ КМК мамандандырылған балалар травматологиялық бөлімшесінде көптеген және аралас жарақаттары, туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл аппаратының патологиялары бар науқас балаларды емдейді. Біздің орталықтың кеңес беру емханасы жанында ортопедиялық кабинет қызмет атқарады, мұнда кәсіби тексерулер жүргізіледі, тірек-қимыл аппаратының патологиялары анықталады, науқастар ауруханаға жатқызылады, теориялық және тәжірибелік көмек көрсету үшін дәрігерлер аудандарға барады.

Бүгінгі күні тірек-қимыл аппараты патологиялары ішінде ең көп кездесетіні – ол Пертес ауруы немесе толық атауы Легга-Кальве-Пертес ауруы.

Пертес ауруы – бұл сан сүйегі бас жағының және оның буындық шеміршегінің қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, артынан некрозға айналуы салдарынан туындайтын сан сүйегі мен жамбас буынының ауруы, ол остеохондропатия аурулары тобына жатады.

Бұл патология 5-10 жас аралығындағы балалар арасында жиі кездесетін сан-жамбас буынының ауруы болып табылады, сондай-ақ кейде ерте жаста да, кейде үлкен жаста да кездеседі. Алдымен бір буын, әсіресе оң жақтағы буын зақымданады және онымен қоса басқа буында аз мөлшерде ұқсас остеохондропатикалық өзгерістер байқала бастайды, және олар аурудың барлық сатыларынан өтпей, кері дамуға ұласады. Әдеттегі 2-ші буынның зақымдалу үрдісі 7-10% жағдайларда кездеседі, бірақ олар бір уақытта дами қоймайды. Бұл ауруға ұл балалар қыз балаларға қарағанда 4-5 есе жиірек шалдығады. Ауру сатылап, ұзақ өрбиді. Балалардың 20-25%-да сан сүйегінің бас жағы зақымдалып, ары қарай коксартроз дамиды. Коксит, сүйектің сынуы, санның шығып кетуі салдарынан дамитын патологиялық аурулар, жасөспірімдер эпифизеолизы, сан сүйегінің проксималды аяқ жағындағы туа біткен және жүре пайда болған зақымданулары, сан сүйегі бас жағының екінші асептикалық некрозы, сан-жамбас буыны аймағында туындайтын кейбір ісіктер және остеохондродисплазиялар диагноздары қойылады.

Аурудың этиологиясы: аурудың даму себептері туралы әртүрлі теориялар бар. Пертес ауруының травматикалық, инфекциялық, зат алмасушылық-гормондық, тұқым қуалаушылық пайда болу көздері қарастырылған. Ортопедтердің ойынша патологиялық үрдіс негізінен сан-жамбас буының жарақаттануы (мысалы, соғып алу, артық күш жұмсау) салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл ауру әлсіз балаларда, рахит, гипотрофия, әртүрлі инфекциялық аурулар, зат алмасу бұзылыстары, сан-жамбас буыны ауруларына шалдыққан балаларда жиі кездеседі. Бір отбасы мүшелерінде Пертес ауруының пайда болу жағдайы сипатталған. Бұл тұрғыда Пертес ауруының пайда болуын анатомиялық құрылыстың күрделілігімен, архитектоника мен шағын қанайналымның ерекшелігімен, сан-жамбас буынының көрсетілген жас аралығында ерекше реактивті болуымен байланыстырады. Пертес ауруы диспластикалық тұрғыда өзгерген сан-жамбас буынында туындайды. Дисплазия буынның барлық бөлшектерін зақымдайды [Крючок В.Г., 1999; Шарпарь В.Д., 2005; Pouletaut P. et al., 2005], оның ішінде тамыр желісі мен нерв жүйесі құрылымын қамтиды. Пертес ауруы кезіндегі сан сүйегінің бас жағында жүретін өзерістер келесі сатыларға бөлінеді: I — сан сүйегі бас жағының сүйектенген өзегінің кеуекті сүйегінің некрозы; II — сан сүйегі бас жағының екінші мәртелік импрессионды сынуы; III — некрозға ұшыраған сүйек тінінің сіңірілуі (фрагменттелуі) және сан сүйегі мойын жағының қысқаруы; IV — қосылғыш тіннің өсуі есебінен репарацияның туындауы; V — кальций тұзының шөгуі салдарынан жаңа кеуек сүйектің пайда болуы. Осы үрдістер нәтижесінде сан сүйегі бас жағының формасы өзгереді, сан сүйегінің мойын жағы қысқарады, вертлужды ойық құрылымы зақымданады.

Бүгінгі күні Пертес ауруын уақытында және нақты анықтау үшін компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, артроскопия, ультрасонография, диагностикалық артроскопия, функционалдық тестілеулер жүргізіледі, алайда диагностикада қателіктер жиі кездесіп отырады. Әдетте бұл дұрыс диагноздың кешеуілдеп қойылуына, мұның салдарынан ауруды емдеудің күрделене түсуіне [Крючок В.Г.,1999; Wittke R., 2005], ауру мерзімінің ұзартылуына соқтырып жатады және буындардың конгруэттілігін хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіруді талап етеді.

Ата-аналар қандай нәрселерге көніл бөлуі тиіс. Пертес ауруының симптомдары қандай?

Егер Сіздің балаңыз сан-жамбас буынының аздаған ауырып тұруына шағымданса немесе Сіз баланың ақсап жүргенін байқап қалсаңыз, балаңыз көрсетілген жаста болмаса да, дереу балалар ортопедіне жүгініңіз.

Пертес ауруын ерте сатысында анықтау өте маңызды, өйткені бұл ауру біртіндеп дамиды, сондықтан оны ерте кезінде анықтаған жөн.

Статистикаға сәйкес Пертес ауруы диагнозын қойғанға дейін 4-6 ай бұрын балалар тізе буыны ауруына -56% және сан-жамбас буыны ауруына 43% шағым жасайды.

Көп жағдайда Пертес ауруы ағзаның бір жағында, сирек жағдайда екі жағында туындайды. Пертес ауруы туа біткен буынды шығарып алу, буынды орнына қою немесе операциялар жасау салдарынан туындауы мүмкін.

Пертес ауруы туындағанда жарақат алу (суық тию) мен сан-жамбас буынының зақымдану белгілерінің пайда болуы арасында 3-4 апта ештене сезілмейді.

Пертес ауруының тұқым қуалау жолымен де пайда болу мүмкіндігі бар.

Пертес ауруын анықтауды сәулелік диагностика, ультрадыбыстық зерттеу, сан-жамбас буынының екеуін (тізе буындарын) рентгенге түсіру әдістері диагностикалық жағынан маңызды болып табылады. Ультрасонография – диагностиканың заманауи әдістерінің бірі, ол сәуле шығармайды, қауіпсіз болып табылады және оны емдеудің тиімділігін бақылау үшін көп қайталай беруге болады.

Компьютерлік томография –суретті қабатымен көрсетеді, әртүрлі мүшелер мен тіндер бөліктерінің рентгендік тығыздығы туралы дұрыс ақпарат береді. Осы күні бұл әдістеме сүйек пен буындар аурулары кезінде кеңінен қолданылады.

Пертес ауруын емдеудің негізгі ережесі сүйектің зақымданған жерінде қанайналымды жақсарту және уақытша қозғалыссыз болуын қамтамасыз ету.

Сауығып кетудің маңызды шарты – буынға түсетін күшті барынша азайту болып табылады.

Емдеу аурудың сатыларына сәйкес жүргізіледі.

Пертес ауруын дұрыс емдемеген жағдайда асқынулар пайда болуы және сан-жамбас буынының үнемі зақымдануына соқтыруы мүмкін. Сондықтан дәрігер маманға мерзімді қаралып тұру қажет.

Статистика бойынша Пертес ауруымен туған кезде салмағы 2.1 кг болған ұл балалар салмағы 3.5 кг болған ұл балаларға қарағанда 5 есе жиі ауырады.

Негізінде Пертес ауруы ауруын емдеу үрдісі ұзақ және 2-ден 4 жылға дейін созылуы мүмкін.

Ауру ешқашан өлімге жетелемейді!!!

Ана мен бала орталығының травматолог-ортопед дәрігері Амиров Мирас Бейбутович