Балалардың биіктен құлауының алдын алу — «Ана мен бала орталығы»

Балалардың биіктен құлауының алдын алу

«Ана мен бала орталығы»

Балалардың биіктен құлауының алдын алу

Биіктен құлау — бүкіл әлемде ауыр жарақаттар мен балалардың өлімінің жиі кездесетін себептерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын мыңдаған бала терезеден, балкондардан, баспалдақтардан және жиһаздан құлауы салдарынан сынған, бас сүйек-ми жарақаттары және басқа да қауіпті зақымданулар алады.

2023-2025 жылдар аралығында ШҚО ДСБ Ана мен бала орталығына терезеден құлауға байланысты жарақат алған 35 бала келіп түсті, оның ішінде 3 бала қайтыс болды.

Бұл тұрғыда 5 жасқа дейінгі балалар ерекше осал: олар қозғалғыш, қызығушылық танытады, бірақ қауіп-қатерді түсінбейді.

Балалардың биіктіктен құлау қаупінің негізгі көздері:

— баланың салмағын көтере алмайтын ашық терезе немесе москит торы;

— балкондар мен лоджиялар, әсіресе таянышы төмен немесе жанында жиһазы бар;

— шектеуіштері мен тұтқалары жоқ үй ішіндегі баспалдақтар;

— амортизациялық жабыны жоқ және конструкциясы зақымданған ойын алаңдары;

— кереуеттер, дивандар, жаялық ауыстыру үстелдері. Тіпті 40-60 сантиметр биіктіктен құлау да бас сүйек-ми жарақатына әкелуі мүмкін.

Балалардың биіктіктен құлауының алдын алу шаралары:

— терезелерді ашуды шектегіштерді орнату (10-12 см-ден кең емес).

— москиттік торлар қорғаныш емес! Олар сыртқа оңай сығылады, сондықтан қорғаныс торларын орнатқан дұрыс;

— терезенің жанына жиһаз қоймаңыз;

— балкондардың сүйеніштері 1,2 м-ден төмен болмауы және көлденең аралықсыз болуы тиіс.

— әсіресе бала 5 жасқа толмаған болса, баспалдақтарды қорғау қақпаларымен жабыңыз;

— тайғақ кілемдерді жинаңыз және еденнің тазалығын қадағалаңыз;

— кереуеттер мен дивандарды қабырғалар мен қатты заттардан алыс орналастырған дұрыс.

Жиһаздың тұрақтылығын үнемі тексеріңіз. Баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз, тіпті секундқа да. Балаларға терезе алды мен сүйенішке отыруға болмайтынын түсіндіріңіз. Балалармен биіктікте қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелер жүргізіңіз, ықтимал тәуекелдер мен салдарды қарапайым сөздермен түсіндіріңіз.

Құлаған жағдайда не істеу керек:

1. Баланы қатты көтермеңіз.

2. Күйін бағалаңыз: сана, тыныс алу, ауырсынуға шағымдану.

3. Бас сүйек-ми жарақатының кішігірім белгілері болғанда (құсу, есінен тану, әлсіреу, тартылу) — жедел жәрдем шақыртыңыз.

4. Тіпті сырттай шамалы құлаған кезде де дәрігерге жүгініңіз, кейбір жарақаттар бірден байқалмайды.

Биіктен құлау — жай ғана қайғылы оқиға емес, оның алдын алуға болатын қасірет. Әрбір ашық терезе, бекітілмеген жиһаз немесе тексерілмеу баланың ауыр жарақат алуына әкелуі мүмкін. Бірақ жақсы жаңалық — бұған жол бермейтін шешімдердің 90% ересектердің қолында. Профилактика қымбат құрал-жабдықты қажет етпейді, ол мұқияттылықтан, санадан және өз баласына деген сүйіспеншіліктен басталады. Терезедегі бір шектегіш, бір минут бақылау, уақтылы айтылған «болмайды» деген сөз, балаңыздын өмірін сақтап қалады. Қасіретті күтпейік. Сосын оның зардаптарымен күресуден гөрі, құлаудың алдын алып, болдырмау керек.

Өскемен қаласының травматолог-ортопед дәрігері Әділет Мұратбекұлы Каламов