Қысқаша нұсқаулық
«Ана мен бала орталығы»
Кеңес беру балалар емханасында Шығыс Қазақстан облысы балаларына мамандандырылған амбулаторлық-медициналық көмек көрсетіледі. Кеңес беру балалар емханасында 18 мамандық бойынша науқастар қабылданады: ортопед, хирург, уролог, нейрохирург, отоларинголог, нефролог, пульмонолог, аллерголог, эндокринолог, гематолог, гастроэнтеролог, генетик, невролог, офтальмолог, сурдолог, кардиолог, ревматолог, логопед.
Кеңес беру үшін дәрігерге баланы қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі
- БМСК дәрігерінен немесе бейінді маманнан алынған маман дәрігерге порталдық жолдама.
- Амбулаторлық картадан жазба.
- Қанның клиникалық талдауы (гемоглобин, лейкоциттер, эритроциттер, СОЭ).
- Жалпы несеп талдауы.
- ЭКГ (кардиологқа қабылдану үшін, аппаратура болған жағдайда).
- Капрограмма және нәжістің ішекқұрт жұмыртқасы (гастроэнтерологқа қабылдану үшін).
- Рентген суреттері (травматолог-ортопедке, пульмонологқа қабылдану үшін).