Поликлиникаға тіркелу

Поликлиникаға тіркелу

ШЖҚ КМК «Ана мен бала орталығы» жанында УЧАСКЕЛІК ТЕРАПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Қызмет көрсету аймағына келесі мекенжайларда тұратын халық кіреді:
Көкжал Барақ көшесі: 2/1, 4/2, 7/1, 7/2, 13, 13/1, 14, 14/1, 24;
Қазыбек би даңғылы: 46, 48, 50, 52;
Оралхан Бөкей көшесі: 35, 41, 43;
Есенберлин даңғылы: барлық үйлер толық;
Әл-Фараби даңғылы: барлық үйлер толық.

Азаматтарды еркін тіркеу шеңберінде www.egov.kz Электрондық үкімет порталы арқылы біздің учаскеге тіркеле аласыз.

Егер бұрын басқа ұйымға тіркелген болсаңыз, онда тіркеуден шығару да электронды түрде жүзеге асырылады.

Біз Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей көшесі 37, 3-қабатта орналасқанбыз.

Сізді Ана мен бала орталығында қуана қарсы аламыз!

Поликлиникаға тіркелу