Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу — «Ана мен бала орталығы»

Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу

«Ана мен бала орталығы»

  1. Тіркелген мекенжайы бойынша дәрігерге қабылдану;
  2. Емхана жағдайында қысқа (қажетті) тексеруден өту;
  3. Дәрігер ауруханаға жоспарлы түрде жатқызуды талап ететін көрсеткіштерді анықтаған кезде, Сіз дәрігермен бірге бос төсек орындары бар медициналық ұйымды таңдау мәселесін талқылауыңыз қажет;
  4. Дәрігер Сіздің мәліметтеріңізді Ауруханаға жатқызу бюросының порталына енгізеді және Сіздің қолыңызға «Ауруханаға жоспарлы жатқызуға талон» береді.
  5. Стационар 2 күн барысында өтініштің Порталда тіркелу сәтінен бастап ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу күнін алдын ала белгілейді;
  6. Стационар ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу күнін алдын ала белгілегеннен кейін дәрігер Сізге ауруханаға жоспарлы түрде жатқызуға жолдама береді. Жолдаманы емдеуші дәрігерден өздігінен алуға болады.
  7. Ауруханаға жату күнін күту барысында Сіз емдеуші дәрігердің бақылауында болуыңыз қажет.
  8. Сіз жолдамада көрсетілген мерзімде сағат 8-00-ден 17-00-ге дейін ауруханаға жатуға келуіңізге міндеттісіз. Күтпеген жағдайлар туындаса (басқа жіті ауру пайда болса, жол жүру, билеттің болмауы және т.б.) уақытында учаскелік дәрігерге екерту қажет.

Жоспарлы қабылдау бөлімінің жұмыс кестесі (2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап)

УақытыБөлімшелер
08.00 — 10.00       Неврология бөлімі, реабилитация бөлімі
10.00 — 12.00
Балалар нейрохирургия бөлімі, отоларингология бөлімі (ТЖБ)
12:00 — 12:30Түскі үзіліс
12:30 — 14:30Көз микрохирургиясы бөлімі, Балалар хирургиясы және урология бөлімі
14:30 — 16:30Травматология-ортопедия бөлімі, педиатрия бөлімі, Күрделі соматика бөліміне