МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСАТЫН АУРУЛАР БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР
МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСАТЫН АУРУЛАР БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі күшіне енеді. Шешім «Кейбір заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде қабылданды.
Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, олар бойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсынылады.
ТМККК пакетінде мыналар қалады:
туберкулез, АИТВ инфекциясы, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр цирроздары, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, орфандық аурулар, жіті миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай), нерв жүйесінің дегенеративті аурулары, ОНЖ демиелинизациялық аурулары, эпилепсия, цереброваскулярлық аурулар (инсульттан кейінгі жағдай-бір жыл бойы).
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне:
* қант диабеті;
* балалардың церебральды сал ауруы;
* дәнекер тіннің жүйелік зақымдануы;
* ревматизм.
Бұл ретте медициналық көмектің көлемі қысқармайды — тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Барлық сақтандырылған пациенттер МӘМС жүйесі шеңберінде емдеуді, консультациялар мен дәрі-дәрмектерді тегін алуды жалғастыруда.
Сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдар есебінен төленетін азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (D және Е санаттары) сақтандыруды қаржылық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін жаңарту көмекті қысқарту емес, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және ең осал пациенттер үшін кепілдіктерді күшейту екенін атап көрсетеді.