Ана мен бала орталығы Қазақстандағы үздіктердің қатарына енді

Ана мен бала орталығы Қазақстандағы үздіктердің қатарына енді

Ана мен бала орталығы Қазақстандағы үздіктердің қатарына енді

Шығыс Қазақстан облысында «Медициналық көмек флагманы-2026» ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды. Шараны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО бойынша филиалы ұйымдастырды.
Бағалау нәтижесі бойынша Ана мен бала орталығы еліміздің ең үздік бес медициналық ұйымының қатарына еніп, республикалық «Медицина және сенім: пациент назар аударымында» номинациясының жүлдегері атанды.
Байқау аясында Қазақстан бойынша 1800-ден астам медициналық қызмет көрсетушілер арасында бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Орталық ұжымы үшін бұл марапаттың орны бөлек. Оның артында медициналық көмекті пациенттер үшін қолжетімді, сапалы әрі жайлы етуге тырысып, халыққа қызмет көрсетіп жүрген дәрігерлердің, мейіргерлердің және барлық мамандардың күнделікті қажырлы еңбегі тұр.
Бұл марапат — бірлескен жұмыстың нәтижесі.
Пациенттерге сенім артқандары үшін алғыс айтамыз. Ал Орталықтың барлық ұжымына күнделікті еңбегі, қамқорлығы, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін ризашылық білдіреміз.