Тағы да ішек жұқпалары — «Ана мен бала орталығы»

Тағы да ішек жұқпалары

«Ана мен бала орталығы»

Тағы да ішек жұқпалары

Жаз мезгілінде әдетте тұрғындар ішек ауруларын жұқтыруға, әсіресе тағамнан улануға   өте бейім келеді.

Тағамнан улану – бұл жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен(шартты патогендік микрофлорамен)ластанған тағамды пайдаланғанда болатын жіті жұқпалы ауру.

Ең қауіпті тағамдарға сүт және сүт өнімдері, ет тағамдары (сиыр, жылқы еттері), тауық өнімдері, оның ішінде жұмыртқа, балық және балық өнімдері, ақуыз қосылған кондитерлік өнімдер жатады.

Жіті ішек жұқпаларымен ауырмас үшін келесі қарапайым ережелерді сақтаған дұрыс:

·         Тазалықты сақтаңыз, тамақ дайындар алдында, баланы тамақтандырар алдында, әжетханаға, қоғамдық орындарға барған сайын міндетті түрде қолыңызды мұқият сабындап жуып отырыңыз;

·         Тамақты дұрыс пісіріңіз (етті кем дегенде 2-2,5 сағат, балықты кем дегенде 30 минут пісірген жөн);

·         Салаттарға майонезді және соустарды үстелге қояр алдында ғана қосыңыз;

·         Егер дайын тамақ келесі күнге қалып қойса, пайдаланар алдында қайтадан қайнатыңыз немесе қуырыңыз;

·         жаңа дайындалған тағамды өткен күннен қалған тағаммен араластырмаңыз;

·         дайын тамақты бөлме температурасында бір сағаттан артық сақтамаңыз;

·         дайын және тез бұзылатын тамақтарды(сүт, сүт өнімдері, салаттар, суықтай жейтін тағамдар, кондитерлік тағамдар, жартылай дайындалған тамақ өнімдері және т.б),   барынша тоңазытқышта немесе + 8ºС аспайтын температурада аз уақыт қана сақтау керек, егер тамақты суықта сақтайтын жағдай болмаса, оларды сатып алған күні бірден пайдаланған жөн;

·         пісіруге жатпайтын тамақ өнімдерін ластанудан сақтаңыз (қаймақ, ірімшік, сүзбе, нан және т.б.), тамақты ашық қалдырмаңыз; шыбындардан қорғаңыз, оларды жабық ыдыста сақтаңыз;

·         халық көп жиналатын мерекелерге барғанда өзіңізбен бірге «жолға» тез бұзылатын тамақтарды (салаттар, ақуыз қосылған кондитерлік өнімдер, ет тағамдары, тауық етінен, жұмыртқадан дайындалған тағамдар) алмаңыз;

·         сақтау мерзімі өтіп кеткен және сапасы «күмәнді» тағамдарды пайдаланбаңыз;

·         тамақ өнімдерін рұхсат етілмеген жерлерден сатып алмаңыз;

·         шикі сүтті міндетті түрде қайнатып ішіңіз;

·         жеміс–жидектер мен көкөністерді пайдаланар алдында ағынды судың астында мұқият жуып, артынан қайнаған сумен шайыңыз;

·         шикі және дайын тамақ өнімдерін бөлек ыдыстарда және бір-бірінен бөлек сақтаңыз;

·         шикі және дайын тағамдарды өңдеуге жеке тақтайшаларды және пышақтарды қолданыңыз (етке, сүт өнімдеріне, көкөністер мен жемістерге және т.б.) ;

·         ас үйлеріңізді таза ұстаңыздар, ыдыс-аяқты (тамақ дайындайтын, ішетін ыдыстарды, пышақтарды, ыдыс жуғыштарды) пайдаланғаннан кейін мұқият жуып, соңынан ыстық сумен шайып отырыңыздар; лас ыдыстарды бірден жинап тастаңыздар және мұқият жуыңыздар;

·         тамақ әзірлеуге және ішуге тек қана таза суды пайдаланыңыздар, елді мекендерден тыс жерлерге шыққанда тамақ дайындауға, ыдыстарды жууға, ішуге кездейсоқ және   ашық су көздерінен, арықтардан су алмаңыздар;

·         жұқпалы ішек ауруларының алғашқы белгілері(іштің өтуі, жүректің айнуы, құсу, жайсыз сезіну, дене ыстығының көтерілуі) байқалған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгініңіз,өздіктеріңізден ем қабылдамаңыздар.