Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі
Бөлім меңгерушісі
Жакимбаева Айнұр Амангелдинқызы
Санаты – жоғары. Жұмыс өтілі – 21 жылТелефон: 41-19-81
Педиатриялық блогының қабылдау бөлімі стационармен пациенттің алғашқы байланыс нүктесі болып табылады және медициналық көмекті ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Ол қабылдаумен, триаж жүйесі бойынша медициналық сұрыптаумен, алғашқы тексерумен және пациенттерді тіркеумен, кейіннен шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетумен айналысады.
Қабылдау бөлімінің дәрігерлері тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан санитарлық авиация арқылы, медициналық мекемелердің жолдамасы бойынша, жедел жәрдем арқылы және өздігінен жүгіну жағдайында балаларға шұғыл госпитализация жүргізеді. Жоспарлы госпитализация госпитализация бюросының порталы арқылы жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Бұл бөлімшенің медициналық персоналы кәсіби, жылдам әрі ұйымдасқан түрде жұмыс істейді, бұл белгілі бір деңгейде науқастың әрі қарайғы емінің сәттілігіне, ал шұғыл жағдайларда – оның өміріне байланысты болады.