Технологиялар арқылы жасалатын гендерлік зорлық-зомбылық
Технологиялар арқылы жасалатын гендерлік зорлық-зомбылық
Бүгін мен маңызды, алайда жиі байқалмайтын зорлық-зомбылық түрі — технологияларды қолдану арқылы жасалатын гендерлік зорлық-зомбылық туралы сөз қозғағым келеді.
Көп жағдайда біз зорлық-зомбылықты тек физикалық әрекет ретінде қабылдаймыз.
Алайда қазіргі таңда зорлық көбіне қолмен емес, экран арқылы жасалып отыр.
«Технологиялар көмегімен жасалатын гендерлік зорлық—зомбылық» дегеніміз не?
UNFPA анықтамасы бойынша, бұл — цифрлық технологиялар көмегімен жасалатын, жеңілдетілетін немесе күшейтілетін және адамға оның жынысы немесе гендерлік ерекшелігіне байланысты бағытталған әрекеттер.
Мысалдар:
- Интимдік фото немесе видеоматериалдарды келісімсіз тарату
- Киберқудалау (қадағалау, орналасқан жерді бақылау, құпиясөздерді бұзу)
- Онлайн-қорлау, қоқан-лоқы жасау, газлайтинг
- Жалған аккаунттар жасау және жала жабу
- Хат-хабарларды, жеке аккаунттарға қолжетімділікті, құпиясөздерді бақылау
- Әлеуметтік желілер арқылы көпшілік алдында қорлау немесе беделге нұқсан келтіру
Бұл неге қауіпті?
Мұндай зорлық тек эмоционалдық емес, сонымен қатар физикалық, психологиялық және әлеуметтік зиян келтіреді.
Психологиялық зиян: алаңдаушылық, мазасыздық, паникалық шабуылдар, ұйқының бұзылуы, кінәлау және ұялу сезімі
Физикалық зиян: ұйқысыздық, созылмалы шаршау және кернеу, психосоматикалық белгілер
Әлеуметтік зиян: оқшаулану, сенімнің жоғалуы, беделге нұқсан келуі
Құқықтардың бұзылуы: жеке өмірге қол сұғу, жеке хат-хабарлардың құпиялығын бұзу, шантаж және мәжбүрлеу
Психологтың ұсыныстары
Егер сіз технологияларды қолдану арқылы жасалатын зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз:
- Барлық дәлелдерді сақтаңыз: скриншоттар, сілтемелер, күндер, аттар
- Агрессормен байланысқа түспеңіз
- Құпиясөздерді өзгертіп, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз
- Телефон мен компьютеріңізде күмәнді қосымшалардың бар-жоғын тексеріңіз
- Психологқа, юристке, қорғаныс қызметіне немесе сенім телефондарына жүгініңіз
- Өзіңізді қорғаңыз: агрессормен байланысты шектеу, қолдау көрсететін ортаны арттыру
Егер сіз куәгер немесе жақын адам болсаңыз:
- Жәбірленушіні кінәламаңыз, оның сөздеріне сеніңіз
- Эмоционалдық қолдау көрсетіңіз:
«Бұл — сенің кінәң емес. Саған мұндай әрекет жасауы — дұрыс емес.» - Дәлелдерді жинауға және құқықтық шаралар қабылдауға көмектесіңіз
- Ешқандай материалды, тіпті жанашырлықпен болса да, таратпаңыз
Есте сақтаңыз!
Зорлық — экран арқылы жасалса да, зорлық болып қала береді.
Ешкімнің сіздің жеке шекараңызға, құпияңызға және қадір-қасиетіңізге қол сұғуға құқығы жоқ.
Әрекетке шақыру
Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз — сіз жалғыз емессіз.
Маманмен хабарласыңыз, не сенетін адамыңызбен бөлісіңіз.
Бұл постты сақтап қойыңыз — бәлкім, ол басқа біреуге көмектесер.
«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК
Аға психолог Рахымжанова Т.А.