Бөлімшелер

Құрметті пациенттер! Сәлеметсіздер ме!

Біз, «Ана мен бала орталығының» қызметкерлері, Сіздерге ең үздік медициналық қызмет көрсету және Сіздерді сапалы емдеу үшін бар күшімізді саламыз. Орталық ұжымының сарқылмас күш-қайраты, кең ауқымды мүмкіндіктері жүкті әйелдерге көрсететін медициналық көмек сапасын ары қарай жақсартуға, еліміздің ертеңі - балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Жақсы жетістіктерге жету үшін медициналық қызметкерлердің және балалар ата-аналары мен пациенттердің арасында өзара сыйлы қарым-қатынас орнату қажет. Жұмыста күтпеген оңсыз жағдайлар туындаған кезде шұғыл әрекет етіп, дұрыс көзқарас танытып. Пациенттердің тезірек және толық емделіп шығуына көмек көрсету керек.

Ана мен бала орталығы тұрақты экономикалық режімде жұмыс істейтін ірі диагностикалық емдеу ұйымы болып табылады. Ол 2007 жылдың 17 қазаны құрылды. Орталық құрамына 14 мамандандырылған бөлімшелер, 3 реанимация бөлімшесі, жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге арналған консультатвивтік-диагностикалық бөлімше, ең заманауи жабдығы бар балалар консультативтік емханасы, қуатты параклиникалық қызмет, медициналық-генетикалық кеңес беру, №2 қалалық перзентхана, балалар инфекциялық бөлімшесі, педиатрлық бөлімше кіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2009 жылғы № 2136 «Тегін медициналық көмекке берілген кепілдік көлемінің тізімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес «Ана мен бала орталығының» ШЖҚ КМК барлық бөлімшелерінде барлық медициналық қызметтер, оның ішінде операциялар мен қолмен манипуляция жасау түрлері ТЕГІН көрсетіледі!

Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі туралы ақпарат

sppivl-v-tsmir.jpg01.03.2015ж. Ана мен бала орталығында пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылды (ПҚжІБҚ).

ПҚжІБҚ құрамы: директордың қызмет жөніндегі орынбасары, сарапшы дәрігерлер, СӨС дәрігері, СӨС медбикесі, БАҚ мониторингі жөніндегі маман, оператор.

Қызметтің негізгі мақсаты - пациенттердің сапалы медициналық көмекке толық көлемде ие болуына құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осы мақсатпен «Ана мен бала орталығында» пациенттерге медициналық қызмет көрсетуде кемшіліктерді жою және алдын алу бойынша ауруханаішілік комиссиялар құрылып, ай сайын барлық клиникалық бөлімшелерде медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізіледі.

Салауатты өмір салты қызметі (СӨС) Орталықтың медициналық қызметкерлері мен пациенттері арасында сұхбаттасу, дәріс оқу, семинарлар, тренингілер, акциялар, дөңгелек үстелдер түрінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурушаңдықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Барлық құрылымдық бөлімшелерде, учаскелік қызметте, КП және КДБ-да сенім телефоны (75-54-02) және сайт туралы ақпарат ілінген. Орталық директорының блог платформасы бар ресми сайт www.cmr.kz жүргізіледі, сайтта халықтың барлық сұрақтарына уақытында жауап беріледі, сондай-ақ оңсыз, проблемалық сұрақтар «осында және қазір» қағидаты бойынша қарастырылып, шешіледі.

Ана мен бала орталығы дербес компьютерлермен, түрлі түсті принтерлермен, телефондармен, теледидарлармен, DVD-приставкалармен жабдықталған.

Интернет-кітапханасы бар ресурстық орталық ұйымдастырылған. IP-телефония, сайт, электрондық пошта, сенім телефондары мүмкіндіктері кеңінен қолданылады, Call-орталығымен байланыс орнатылған, осының барлығына халыққа қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Пациенттердің құқықтарын сақтауды анықтау үшін және медициналық көмектің сапасын көрсететін Орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінде пациенттердің хаттары мен өтініштеріне арналған 14 жәшік орнатылған. Аптасына 1 рет барлық хаттар басшылық шешім қабылдау үшін талдауға алынады. Пациенттердің құқықтарын сақтауды анықтау үшін және медициналық көмектің сапасын көрсететін әдіс – ол сауалнама жүргізу болып табылады. Әртүрлі бағыт бойынша сауалнаманың 20 түрі құрылды және бекітілді. Сауалнама алу үрдісі қызметкерлер, пациенттер мен олардың туыстары арасында бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Барлық ескертулер таңертеңгі дәрігерлер конференцияларында бөлімшелер меңгерушілеріне айтылады. Сол жерде талқылау жүргізіліп, басқарушылық шешімдер қабылданады.

Ақпараттық білім беру үрдісі бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. Барлық бөлімшелерге буклеттер, тақырыптық плакаттар, бейнероликтер, жаднамалар беріледі.

Әрбір клиникалық бөлімшеде, КДП және КДБ –да – тақырыптық стендтер, сұхбаттары бар папкалар, барлығына қолжетімді ақпараттық материалдары және бейнероликтері бар үстелдер орнатылған.

ПҚжІБҚ және сарапшы дәрігерлер ай сайын медициналық құжаттамаға клиникалық аудит, ауруханаішілік комиссиясы аудитін жүргізеді, проблемалық сұрақтарды анықтау және басқарушылық шешім қабылдау мақсатында бөлімшелер жұмысына мониторинг және талдау жүргізеді, тарификациялық комиссия жұмысына қатысады.

ПҚжІБҚ жылына 2 рет Бақылау Кеңесінің отырысында есеп береді.

Акушерлік-гинекологиялық блок:

Акушерлік-гинекологиялық блок 206 төсек-орынды құрайды, ол жерде төмендегілер қызмет етеді:

struktura-01.jpg
  • 14 жеке палаталары бар босандыру блогы,
  • шұғыл және жоспралы операцияларға арналған операциялық бөлмелер,
  • 9 төсек орынды құрайтын жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге арналған реанимация бөлімшесі,
  • 12 төсек орынды құрайтын операциядан кейінгі жаңа туған нәрестелерге арналған операциядан кейінгі палаталары бар жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі.
  • тәуліктік қан құю қызметі,
  • тәуліктік зертхана қызметі,
  • күндіз жататын төсек орындары бар жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі,
  • ана мен сәби бөлімшесі,
  • диагностикалық төсек орындары бар диагностикалық қабылдау бөлімшесі,
  • гинекологиялық науқастарға арналған бөлімше,
  • төменгі кабинеттері бар консультативтік- диагностикалық бөлімше:
    • жатыр мойны патологиясы,
    • жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдер үшін,
    • отбасын жоспарлау,
    • УЗД диагностика,
    • генетикалық зертханасы бар медициналық-генетикалық кеңес беру.⁠

struktura-02.jpgОрталықтың босандыру блогында жыл сайын 9000-нан астам әйелдер босанады. Облыстың барлық өңірлерінен түсетін күрделі патологиялары бар босанатын әйелдер, ауыр экстрагениталдық аурулары бар жүкті әйелдер, 22 апталық мерзімде ерте босанған әйелдер Ана мен бала орталығында босанады. Босандыру бойынша заманауи тиімді технологиялар енгізілді, серіктес босану, тік тұрып босану кеңінен насихатталады.

Жеке палаталар қажетті заманауи жабдықпен, қымбат дәрілік құралдармен жабдықталған.

Бөлімшенің меңгерушісі– Сайлауова Маржан Жанабайқызы, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері, телефоны 75-58-27.

Неонатологиялық блогы бар Ана мен сәби бөлімшесі 75 төсек орынды құрайды.

Бөлімшенің меңгерушісі– Зайцева Татьяна Дмитриевна, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері.

Байланыс телефоны: 75-52-14.

struktura-03.jpgБөлімшеде ана мен сәбидің бірге жатуына қолайлы жағдай жасалған, тек омыраумен емізу саясаты кеңінен насихатталады. Палаталарда үй жағдайы жасалған, аналар мен жаңа туған нәрестелер өз төсек заттарын пайдаланады, жаялықтар мен құндақтау қолданылмайды. Туыстары еркін келе алады, ана мен сәби 3 тәуліктен кейін ауруханадан ерте шығады.

Жаңа туған нәрестелерге арналаған қарқынды терапия бөлімшесі 12 төсек орынды құрайды, жаңа туған нәрестелерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықпен жабдықталған. Шала туған салмағы өте аз балаларға күтім жасау үшін барлық жағдайлар жасалған. Заманауи тыныс алу аппаратурасымен, кювездер, қымбат дәрілік құралдармен қамтамасыз етілген, неонатологиядағы барлық тиімді перинаталдық технологиялар ойдағыдай енгізілді. Хирургиялық патологиялар, асқазан-ішек жолының патологияларына операциялар жасалады.

Бөлімшенің меңгерушісі – Мұқанова Жанна Бекболатқызы, жоғары санатты неонатолог дәрігері. Телефон: 75-57-95.

Ересектер реанимациясы бөлімшесі 9 төсек орынды құрайды.

Бөлімше меңгерушісі – Патрин Александр Владимирович, жоғары санатты анестезиолог –реаниматолог дәрігері –Телефон: 75-55-37.

Жеке палаталар заманауи стандарттарға жауап береді, жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге, операциядан кейінгі босанған әйелдер мен гинекологиялық науқастарға шұғыл кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен, медициналық аппаратурамен, мониторлармен, қымбат дәрілермен жабдықталған.

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі 40 төсек орынды құрайды.

Бөлімшенің меңгерушісі – Тұрғанбаева Раушан Амирзадақызы, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері. Телефон: 75-53-49, 75-52-74 .

Бөлімшеге облыстың барлық өңірлерінен акушерлік асқынулары, экстрагениталдық патологиялары, құрсақ ішіндегі нәрестенің күрделі патологиялары бар жүкті әйелдер жолданады.

Гинекологиялық бөлімше

Бөлімшенің меңгерушісі – Меирманова Жанар Сабанбайқызы, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері. Телефон: 75-57-66.

Бөлімшеде жоғары мамандандырылған медициналық көмекке жататын эндоскопиялық әдіспен гинекологиялық операциялар жасалады.

Бөлімше қажетті медициналық аппаратурамен және дәрілермен жабдықталған.

struktura-04.jpgЖаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі 40 төсек орынды құрайды.

Бөлімшенің меңгерушісі – Мұстафина Әсем Қапесқызы, жоғары санатты неонатолог дәрігері. Телефон: 75-54-99.

Бөлімшеге 1 айға дейінгі әртүрлі аурулары және дамуында ақаулары бар, салмағы аз жаңа туған нәрестелер жатқызылады.

Презентхана №2

Өскемен қаласы, Ворошилов к., 149/2 мекенжайында орналасқан, 25 төсек орынды құрайды.

Перинаталдық көмекті өңірлендірудің екінші деңгейлік жүкті әйелдері мен босанатын әйелдеріне арналған. Акушерлік көмек жүктілігі күрделі емес, құрсақ ішіндегі нәрестенің патологиялары жоқ жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге көрсетіледі.

Барлық палаталар заманауи талаптарға жауап береді, ана мен сәбидің бірге жатуына қолайлы жағдай жасалған, «Ана қауіпсіздігі» қағидаттары орындалады.

Бөлімшенің меңгерушісі – Маркашова Марина Юрьевна, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері.

Байланыс телефоны: 78-37-58, 78-38-32.⁠

Педиатрлық блок

struktura-05.jpg struktura-06.jpg

Педиатрлық блокта келесі бейіндер бойынша облыстың балаларына жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі: аллергология, гематология, кардиология, неврология, нефрология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, отоларингология, көз микрохирургиясы, нейрохирургия, травматология, камбустиологиясы және урологиясы бар балалар хирургиясы, анестезиология және реаниматология.

struktura-07.jpg

Балалар отоларингологиялық және сурдологиялық қызметі

Бөлімше 28 төсек орынды және күндізгі стационардың 7 төсек орнын құрайды және тәулік бойы шұғыл көмек көрсетеді.

struktura-08.jpgЛОР ауруларын консервативті және оперативті емдеу жүргізіледі, оның ішінде эндовидеохирургиялық операциялар жасалады. Сурдологтың кабинетінде электрондық картотекасы бар диспансеризация, балалардың есту қабілетінің бұзылуына диагностика жүргізіледі.

Бөлімшенің меңгерушісі - Айтбаева Үмітжан Касымқызы.

Байланыс телефоны: 75-53-46.

Педиатрлық бөлімше №2 40 төсек орынды және күндізгі стационардың 2 төсек орнын құрайды.

Педиатрлық бейінді балаларға учаскелік педиатрдың жолдамасы бойынша тәуліктік стационарлық көмек көрсетеді.

Бөлімшенің меңгерушісі - Тердыкбаева Зайра Сапиолдақызы.

Байланыс телефоны: 76-69-55. Мекенжайы: Потанин к., 8.

struktura-09.jpgБалалар нейрохирургиялық бөлімшесі 20 төсек орынды құрайды, заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған, нейрохирургиялық операциялардың барлық түрлері, оның ішінде жоғары мамандандырылған операциялар жасалады.

Мамандар республикалық орталықтарда және шетелдік клиникаларда оқыды. Бөлімшенің меңгерушісі - Кизатуллин Серік Сеилханұлы.

Байланыс телефоны: 75-54-94

det-nevr-otdel.jpgБалалар неврологиялық бөлімшесі 32 төсек орынды құрайды, балаларда жүйке жүйесінің аурулары туындаған кезде жоғары мамандандырылған көмектің барлық түрлерін көрсетеді.

Бөлімшенің меңгерушісі - Танабаева Зайра Қабдешқызы

Байланыс телефоны: 75-56-28.

otdel-sl-som,jpg.jpgКүрделі соматика бөлімшесі 32 төсек орынды құрайды. Балалардың бүйрек, жүрек-тамыр, буындары, қан және эндокриндік патологиялар аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Бөлімшенің меңгерушісі - Горкунова Любовь Григорьевна.

Байланыс телефоны: 75-54-83.

Балалар хирургиясы бөлімшесі 32 төсек орынды құрайды, хирургиялық қызметтің келесі түрлері көрсетіледі: жалпы хирургия, торакалдық, неонаталдық, урология, проктология, комбустиология. Хирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалады, оның ішінде жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетіледі.

Бөлімшенің меңгерушісі - Рақымжанов Қайрат Құсманұлы

Байланыс телефоны: 75-54-63.

Балалар ортопедиялық және травматологиялық қызметі тәулік бойы істейтін травматологиялық пункті бар.

struktura-10.jpgБөлімше 24 төсек орынды және күндізгі стационардың 8 төсек орнын, 2 оңалту төсек орнын құрайды.

Тірек-қимыл жүйесінің барлық патологиялары кезінде шұғыл және жоспарлы операциялар, оның ішінде жоғары мамандандырылған операциялар жүргізіледі.

Бөлімшенің меңгерушісі - Солтанбеков Ержан Нұриұлы

Байланыс телефоны: 75-53-02.

Көз микрохирургиясы бөлімшесі

otdel-mikrohir-glaza.jpgКөз микрохирургиясы бөлімшесі 22 төсек орынды және күндізгі стационардың 7 төсек орнын құрайды Консервативті терапияның барлық түрлері іске асырылады және балалардың көру мүшелерінің әртүрлі патологияларына жылына 300-ден астам операция жасалады.

Заманауи жабдықпен жабдықталған Балалардың көру мүшесін қорғау амбулаторлық орталығында миопияға, амблиопияға, шала туған балалардың ретинопатиясына және т.б. диагноситка жүргізіледі және емделеді.

Бөлімшенің меңгерушісі - Байбосынова Аэлита Жапарқызы.

Байланыс телефоны: 75-56-64.

Диагностикалық бөлімше – 32 төсек орынды құрайды, педиатрлық және пульмонологиялық бейінді балаларға стационарлық емдеу жүргізіледі.

Бөлімшенің меңгерушісі м.а. - Базаргазина Гүлнәр Оразханқызы .

Байланыс телефоны: 75-56-43.

Анестезиология және реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесі

struktura-12.jpgБөлімшенің меңгерушісі - Еркебаев Гамиль Заинбекұлы.

Байланыс телефоны: 75-54-42.

Хирургиялық көмектің барлық түрлері кезінде амбулаторлық анестезиядан әдеттегі наркозға дейін медициналық көмек түрлерін көрсетеді.

Жыл сайын реанимациялық іс-шараларды, қарқынды терапияны талап ететін 5000 –нан астам балаларға медициналық көмек көрсетіледі.

Бөлімше 9 төсек орынды құрайды.

Заманауи жабдықпен жабдықталған, 10 дәрігер, 28 медбике қызмет етеді.

Балалар инфекциялық бөлімшесі 40 төсек орынды құрайды. Балалардың инфекциялық аурулары кезінде мамандандырылған көмек көрсетіледі

Бөлімшенің меңгерушісі - Куризова Нина Евгеньевна.

Байланыс телефоны: 53-49-57.