Қысқаша нұсқаулық

Кеңес беру балалар емханасында Шығыс Қазақстан облысы балаларына мамандандырылған амбулаторлық-медициналық көмек көрсетіледі. Кеңес беру балалар емханасында 18 мамандық бойынша науқастар қабылданады: ортопед, хирург, уролог, нейрохирург, отоларинголог, нефролог, пульмонолог, аллерголог, эндокринолог, гематолог, гастроэнтеролог, генетик, невролог, офтальмолог, сурдолог, кардиолог, ревматолог, логопед.

Кеңес беру үшін дәрігерге баланы қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

  1. БМСК дәрігерінен немесе бейінді маманнан алынған маман дәрігерге порталдық жолдама.
  2. Амбулаторлық картадан жазба.
  3. Қанның клиникалық талдауы (гемоглобин, лейкоциттер, эритроциттер, СОЭ).
  4. Жалпы несеп талдауы.
  5. ЭКГ (кардиологқа қабылдану үшін, аппаратура болған жағдайда).
  6. Капрограмма және нәжістің ішекқұрт жұмыртқасы (гастроэнтерологқа қабылдану үшін).
  7. Рентген суреттері (травматолог-ортопедке, пульмонологқа қабылдану үшін).