Жаңа туған нәрестелерді тіркеу туралы ақпарат

Жаңа туған нәрестелер ата-аналарының назарына!

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 09 сәуірдегі Заңы арқылы Қазақстан Республикасының «Неке (зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2016 жылдың 25 маусымынан бастап бала тууды тіркеу мерзімі өзгертілді.

Бұдан бұрын бала тууу туралы өтінішті ата-аналар немесе басқа мүдделі тұлғалар бала туған сәттен бастап екі айдан асырмай беруі тиіс болса, енді енгізілген түзетулерге сәйкес бұл мерзім бала туған сәттен бастап ҮШ КҮНДІ құрайды.

Бала өлі туған жағдайда медициналық ұйымның өтініш беру мерзімі босанған сәттен бастап бес тәуліктен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды (Кодекстің 189 бабы).

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес атқарушы органдардың қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні.

Жаңа туған нәрестені тіркеуге қажетті құжаттар:

  1. Ата-ананың жеке бас куәлігі;
  2. Бала туу туралы медициналық куәлік;
  3. Ата-ананың неке туралы куәлігі.

Өтініш үш жұмыс күні мерзімінен кейін берілсе, бала тууды тіркеу азаматтық хал актілерін тіркеу органдары құрған ҚОРЫТЫНДЫ негізінде рәсімделеді, оған келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. Ата-ананың түсініктемесі;
  2. Бала туу туралы медициналық куәлік;
  3. Баланың тұратын жері бойынша 7 (жеті) жұмыс күні барысында берілген баланың денсаулығы туралы анықтама;
  4. Ата-ананың неке туралы куәлігі (некеде тұратын болса);
  5. Ата-ананың жеке бас куәлігі;
  6. Қызмет алушының өкілі жүгінетін болса нотариус растаған сенімхат;

Атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 15 күнтізбелік күнді құрайды.

Өтініш төмендегі ұйымдар арқылы қабылданады:

  1. «ШҚО азаматтарына арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ (Халыққа қызмет көрсету орталықтары);
  2. «Электрондық үкіметтер www.egov.kz веб-порталы» (ЭЦП болған кезде);
  3. Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!