Перзентханаға арналған заттар тізімі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған тиімді перинаталдық технологиялар негізінде

Құжаттар:

  1. Алмасу картасы
  2. Жеке бас куәлігі (түпнұсқа+көшірме)

Анаға арналған перзентханаға қажетті заттар тізімі:

  1. Халат (1 дана)
  2. Іш көйлек (1-2 дана)
  3. Үй аяқ-киімі (1 жұп)
  4. Урологиялық прокладка (1 бума)
  5. Жуыну заттары (тіс пастасы, тіс щеткасы, сұйық сабын)
  6. Дәретхана қағазы
  7. Орамал
  8. Ылғалды майлықтар (1 бума)
  9. Газдалмаған су (1,5 л)
  10. Қалауы бойынша төсек орын заттары

Кесарь тілігіне қосымша заттар:

  1. Компрессорлық шұлықтар (2 дана)

Балаға арналған заттар:

  1. Жаялықтар – 4 дана. (2 жұқа + 2 флонелді)
  2. Жаңа туған нәрестеге арналған үлкен түкті орамал (немесе плед)
  3. Жейдеше– 1 дана жылы
  4. Ползунки мақта-мата – 1 дана
  5. Басқа киетін телпек мақта-мата – 2 дана (жылы және жұқа, шаңғы телпегі)
  6. Нәски – 2 жұп
  7. Ылғалды майлықтар– 1 бума.
  8. Памперстер №1 (жаңа туған нәрестелерге арналған) – 2 дана
  9. Электрондық градусник

Жаңа туған нәрестелерге арналған заттарды алдын ала жуып, үтіктеу қажет.