Республикалық Медициналық Орталықтарға пациенттер ауруы асқынған жағдайда, 3-ші деңгейде жасалмайтын операциялар қажет болған кезде, сондай-ақ қосымша тексеру және диагнозды нақтылау үшін квота бойынша жолданады. Медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша Республикалық Медициналық Орталықтарға жіберілген пациенттердің темір жол көлігімен жүретін жолын Денсаулық сақтау басқармасы төлейді. Республикалық Медициналық Орталықтарда пациенттер квота бойынша тегін тексеріледі және емделеді.
Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу – созылмалы аурулары және өміріне қауіп төндірмейтін денсаулық жағдайы анықталған, шұғыл дәрігерлік емдеуді талап етпейтін пациентті дәрігердің стационарға жолдауы. Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу кезінде пациент медициналық ұйымды таңдайды және бірнеше күн барысында Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы ауруханаға жатқызылады.
Ауруханаға жатқызу бюросының порталы – тегін медициналық көмекке берілген кепілдік көлемі аясында стационарға жоспарлы жатқызуға жіберілген пациенттердің жолдамаларын электрондық тіркеу, есепке алу және сақтаудың бірыңғай жүйесі
Ауруханаға шұғыл түрде жатқызу – бұл кезек күттірмейтін жіті ауру жағдайы кезінде пациентті стационарға емдеу үшін жолдау, науқастың жағдайын жедел жәрдем дәрігері немесе учаскелік дәрігер анықтайды. Ауруханаға шұғыл түрде жатқызу кезінде науқас қысқа мерзімде бейінді стационарға дейін жеткізіледі.