Байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия төменгі медициналық ұйымдарда қайта сайлау байқауын кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс жариялайды. Конкурс мына мекенжай бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, Гоголь кешесі, 36 (ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, тел.: 52-32-34, 52-32-33, 52-32-06).
«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, мекен жайы: ШҚО, Өскемен қ., Өтепов көшесі 35, 37, телефоны: 8/7232/75-68-75;
Aтaлғaн кәciпopынның мәнi жәнe мaқcaты тұpғындapдың денcayлығын кopғay бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Келесі тұлғалар байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлануға болмайды:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғaлapдың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталған күн.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғa (apы қарай - үміткер) комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.