Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия - әлеуметтік маңызды мәселе

Халықаралық тірі туылғандар критериі бойынша Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бастап реанимация және қарқынды терапия әдістерінің жетістігіне байланысты, салмағы (500-700г.) төмен және айырықша төмен туылған балаларға белсенді түрде күтім жасалатын болды. Бұл санат бойынша күтім жасындағы балалардың өсу деңгейі бойынша, шала туылған балаларда мүгедектік ауруының соның ішінде ретинопатияның жиілеуіне әкелуі мүмкін.

Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия – жеткіліксіз салмақта шала туылып өсіп жатқан нәрестелерде көздің вазопролиферативтік қатты зақымданып торқабақты әйнекті көрсеткіш денесінің ілеспе өзгеріске ұшырауы. Алғаш 1942 ж. «ретролентальдық фиброплазия» Т.Тerry секілді сипатталды бірақ шындығында, бұл процесс –5 сатысымен аяқталуы болатын.

Қазіргі уақытта шала туылған нәрестелердегі ретинопатия мультифакторлық ауру болып есептеледі. Шала туылу ретинопатия қауіпін тудыратын факторлар ананын жүктілік кезеңіндегі жағдайына: организмнің созылмалы жұқпалысы, әйелдердің жыныс органдарының ауруы, темекі тарту, дәрілік заттарды қабылдау, уақытынан алдын босануына мүмкіндік туғызатын және ұрықтың гипоксиясы, жиі босану, жасөспірім жасында босану, экстакорпоральдық ұрықтандыру, әйелдің ауруларына байланысты. Босануда және жүктіліктің асқыну салдары нәтижесінен туындайтын жатырішілік инфекция, респираторлық дистресс-синдромы, сурфактанттың жеткіліксіздігі, брадикардия, ми гипоксиясы, миға қан кетулер айтарлықтай маңызды.

Офтальмологтар шала туылған нәрестеге ретинопатия диагнозын қоюда, ай күні жетіліп туған баланың көз түбіне қарағанда, шала туылған баланың көз түбін тексеру барысында айтарлықтай дәрежеде өзгеше болады. Тексерілген балалардағы шала туылғандардың ретинопатия белгісінің анықталып табылғаны айтарлықтай жоғары пайызына қарамастан, бұл ауруға барлық жағдайда хирургиялық араласуларды қажет етпейді. Пациенттердің көпшілігінде өздігінен кері даму сатысына өтеді немесе лазерлік емнің әсеріне байланысты, яғни бүгінгі күні ең тиімді әдіс болып табылып отыр. Мұндай балалар ұзақ уақыт диспансерлік офтальмологтардың бақылауын қажет етеді, алыстан көрмейтін жоғары қауіпі бар болған немесе көздің қалыпты көруін қалыптастыру және амблиопияның дамуын болдырмау үшін алыстау кезеңіндегі астигматизм яғни ерте жастан көзәйнек киюді талап етеді.

Айы-күні толған баланың қалыпты дамыған көзінде толық қалыптасқан көз торы болады. Көз торын қуатпен қамтамасыз етуші қан тамырлары құрсақтық дамудың 16 аптасынан бастап өсе бастайды және 39-40 аптаға жақын дамуы аяқталады. Осылайша, бала туылған кезден бастап көз торы қан тамырларының қалыптасуы аяқталуы тиіс. Қалыпты васкулогенездің бұзылуы тамырдың өсу факторларының реттелісінің бұзыуы, көз торы және тамырларының мембраналық құрылымындағы бос радикалдардың әсерінен, қолайсыз факторлардың болуы - жарық, генетикалық бейімделудің әсерінен пайда болады, экстраретинальдық тамырланбауы, көз торының тракциялық бөлінуі мен тамырлы пролиферация және глиальды ткані.

Аурудың басталуы аурудың 4-аптасында болады, ал үдемелі кезеңі – 8 аптада. Ауру көбінде екі көзде болады, біреуінде ауру деңгейі көп болуы мүмкін.

Өскемен қаласының «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК жыл сайын 7000 жуық нәрестелер дүниеге келеді, соның ішінде жалпы туылған нәрестелер санынан шала туылған балалар 8,1 % құрайды.

Әр түрлі автордардың мәліметтері бойынша қазіргі уақытта мерзімінен бұрын туылғандардың жалпы жиілігі жалпы туылғандар санынан 5-12% құрайды. Қазіргі уақытта барлық дамыған елдерде неонатологияың жетістіктері нәтижесінде шала туылған балалар саны көбейді.

Аталған көкейтесті мәселеге байланысты ерте мүгедектікке әкелетін патология, шала туылғандар ретинопатия мониторингісі мен скринингі бойынша офтальмологиялық қызмет ұйымдастырылды, осыған орай 2011 жылдың сәуір айынан бастап «АмБО» офтальмолог ставкасы енгізілді.

«Ана мен бала орталығының» офтальмологтар неонатологтармен бірге «Шала туылған нәрестелердің ретинопатия скринингісі» бойыша әдістемелік жәрдемақысын енгізу жөнінде пилоттық жоба қатысушылары болып табылады.

Барлық шала туылған нәрестелер концепуталдық жасқа дейінгі 32-34 аптада және бұдан әрі «Ана мен бала орталығы» консультативтік емханасына қарасты ҚазҰЗИ көз аурулары әзірлеген, шала туылған нәрестелер ретинопатия мониторингісінің алгоритміне сәйкес офтальмолог дәрігерлермен қаралады.

«Қосымша аурулар» пайда болған кезде, кідіртпестен хирургиялық араласулар қажет.

Қазіргі уақытта көз торының аваскулярлық аймақтарында транссклеральдық және траспупиллярлық лазеркоагуляция, сондай-ақ көз торының аваскулярлық аймақтарында транссклеральдық криокагуляция қолданылады. Таңдау транспупиллярлық лазеркоагуляцияға беріледі, ол ең тиімді және анық мөлшерлі әдіс болып саналады. Аталған әдістердің тиімділігі - 95 % дейін.

Лазерлік хирургияға мұқтаж балалар бұрынғы уақытта Алматы қаласының көз аурулары ҚазҰЗИ оперативтік емдеуге жіберілген. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап бұндай операциялар «Ана мен бала орталығында» «Құс Жолы» Казкоммерцбанк Қайырымдылық Қоры тегін сыйлаған хирургиялық лазерді қолдана отырып жүргізеді. Көз микрохирургиясы бөлімшесінің офтальмологтары Алматы, Астана, Санкт-Петербург қалаларында шала туылған балалар ретинопатиясын емдеу мәселесі бойынша мамандандырудан өтеді.

Алматы қаласының көз аурулары ҚазҰЗИ-мен тығыз байланыста болып жұмысты жалғастырудамыз, телекеңестер жүргізіледі.

Бүгінгі күні, Шығыс Қазақстан облысында 3-5 тыртық сатысындағы шала туылған нәрестелер ретинопатиясымен әр түрлі жастағы 40-қа жуық сәби байқалу сатысында, 4-5 тыртық сатысындағы жыл сайын 2-3 балаға операция жасалады, практикалық түрде олардың барлығына Санкт-Петербург қаласында операция жасалды, себебі витреоретинальдық хирургияға мұқтаж болды.

Біздің мақсатымыз ерте кезеңдегі шала туылған нәрестелерге көмек көрсету, нәрестелер әлемді өз көздерімен көріп, ата-аналарын қуанту.

Офтальмолог дәрігер: А. Ж. Байбосынова дайындады.