Жамбас буынның дисплазиясы

Шығыс Қазақстан облысының ортопедтік қызметі 20-ғасырдың 50- жылдарының соңында басталды, онда облыстық ересектерге арналған аурухана құрамында 10 төсек орын болды. ЖМКА –да 5 төсек орынды жедел травмотологиялық стационарлық көмек көрсетілетін. Туа біткен және жүре пайда болған қимыл қозғалтқыш аппараты паталогиясымен және көптеген соған ұқсас жарақат алған балаларды емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында, Көп салалы Облыстық балалар ауруханасындағы мамандандырылған балалар травматологиялық бөлімшесіне, қазіргі «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК науқастарды шоғырландыру қажет болды.

2003 жылдан бастап Облыстық балалар ауруханасының консультативтік емханасында ортопедтік кабинет ашылды.

Ортопед-травматолог дәрігерлер профилактикалық қараулар жүргізіледі, қимыл-қозғалтқыш аппаратының паталогиясын анықтап, емдеу орнына жатқызады, практикалық және теориялық көмек көрсету үшін облыстың аудандары мен қалаларына барады.

Бүгінгі таңда көбіне кездесетін, қимыл-қозалтқыш аппаратының туа біткен патологиясы ол – жамбас буынның дисплазиясы, яғни жамбас басының шығуына әкеледі.

Көбінесе ол қыз балаларда болып, әр үшінші отбасында кездеседі. Жамбас буынның дисплазиясы көбінесе ата-аналарында туа біткен жамбас басының шығу белгілері болған балаларда 10 есе жиі болады. Жамбас буынның шығуы нәресте жамбаспен келіп туылғанда 10 есе жиі кездеседі, көбінесе бірінші рет босану кезінде болады. Көбінде дисплазия жүктіліктің дәрі-дәрмекпен емдеу кезде, жүктілікті анықтағанда, токсикоз асқынғанда анықталады.

Жамбас буынның дисплазиясы тәжірибе бойынша барлық елдерде таралған. Нәрестенің аяғын жаялықпен дәстүрге сай қатта байлау аурудың көбеюіне тікелей байланысты екені белгілі. Нәрестелерін орамайтын халықтарда, олардың қимыл-әрекеттерін шектемейді, оларды арқасында отырғызып бос ұстайды (сондықтан нәрестенің аяғы бүгілу және жазу жағдайында болады), аурушаңдығы төмен болды.

Балалардың жамбас буынның диспалзиясының статистикасы өткен жүз жылдың бірінші жартысында дисплазияның ауыр жағдайын ғана ескерді - туа біткен жамбас буынының шығуы (1000 туылғандардың 3-4 жағдайы). Сол жылдарда дисплазияның «жеңіл формаларын» емдеген жоқ. 70-90ж.ж. «даму дисплазиясы» терминін қолданды, осы кезде тек жамбастың шығуын ғана түсініп қоймай, сонымен қатар жамбас буының буын таю және буын шығуымен түсінідірілді. Аурушылықтың саны он есе артты.

Жамбас буынның дисплазиясы немесе туа біткен жамбас буынының шығуы - туа біткен буынның толық жетілмеуі немесе буынды құрайтын қандай да бір элемент (сүйектер, сіңір, буын капсулалары, бұлшық ет, тамырлар мен жүйкелер), оның толық дамымауымен айқындалатын және буынның шығуына немесе жамбас сүйек буынының шығуына әкелуі – «туа біткен жамбас буынның шығуы» болып түсіндіріледі.

Қимыл-қозғалтқыш жүйесінің туа біткен бұзылуының даму себептеріне: тұқым қуалаушылық, әйелдердің жүктілік кезіндегі горманальдық бұзушылықтар, іштегі нәрестенің жамбаспен туылуы, су аздық, ұрықтың ірілігі, ананың гинекологиялық аурулары.

Жамбас буынның шығуы көбінесе салмағы аз нәрестелерде байқалады (2500г төмен).

Біздің «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК 2008 жылы Облыстық Балалар ауруханасы мен Перинаталды орталықтың бірігуінен соң, туылған сәттен бастап барлық нәрестелер ортопедпен қаралады және қажеттілігіне қарай ортопедтік түзету уақытылы жүргізіледі. Көбінесе ата-аналары өздері балаларын үйде қарайлай отырып, жамбас буынының дисплазиясының белгілерін байқайды. Мысалы, ата-аналарға неге назар аударуы керек: нәрестенің бір аяғы екіншісінен қысқа, сан мен бөксе іркістері симметриялы емес, бүгілген тізесі аяқтары толығымен ашылмайды (баланың тізелері үстелдің жоғары жағына ғана тиеді), бүгу кезіндегі шертілмейді, жамбас буындарындағы аяқтары бүгілмейді және ашылмайды.

Бірінші, бұл жағдайда не істеу керек - тез арада балалар ортопедіне қаралу қажет.

Ересек балаларға келесі белгілеріне назар аудару керек:

  • жүрудің кеш болуы
  • үйрек жүріс
  • жамбастың ашылуының шектелуі
  • патологияны анықтау үшін жүргізілетін зерттеулер және атап айтқанда біздің орталықта келесі зерттеулер жүргізіледі:

3 айға дейін жамбас буынына УДЗ, жамбастың ішкі ротациясымен жамбас буынына Р-граммасы жасалады.

Бір жастағы кезде аурудың клиникалық көрінісінің саны аз емес, бірақ кемістікті анықтау және диагностикасы белгілілі қиындықпен көрінеді. Ауруды уақытылы анықтау мақсатында, балаларды 1-3-6 және 12 айларында (жоспарлы) жүйелі қарау қаблыданды.

Аурудың ең алғашқы белгілерін уақытылы анықтау, уақытылы емдеуді бастау маңызды, түсунішілік таныту, шыдамдылық пен дәрігерің ұсыныстарын орындау кезіндегі әсері маңызды.

Травматолог-ортопед дәрігер М.Б. Амиров