Көптеген контрацепциялық құралдар және әдістер бір-бірінен жүкті болып қалуға қарсы қызметі бойынша ерекшеленеді.
Балаларда жалпы аурулар салдарынан пайда болатын көз мүшесінің патологиялық өзгерістері шамамен 50-60%-ды құрайды. Көптеген жалпы аурулардың салдарынан туындайтын көру мүшесінің аурулары көп уақыт байқалмайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша экономикалық дамыған елдерде балалардың жіті және созылмалы улануының саны жылдан жылға көбеюде. Балалар көбінесе кездейсоқ уланып қалады және мектепке дейінгі жастағы балалар жиі уланады.
Суық тигеннен туындаған аурулар, ең алдымен жіті респираторлық вирустық инфекциялар – ең кең тараған аурулардың бірі. Бұл диагнозды көбінесе балаларға қояды, өйткені, жас баланың ағзасында иммунитет толығымен қалыптаса қойған жоқ.
Міне, босану азабы, қиналу артта қалды, омырауда сүт пайда болды, дегенмен, жас ананы қобалжытатын ойлар туындайды, атап айтсақ, мысалы, ананың ішкен дәрілері нәрестеге омырау сүті арқылы қандай әсер береді деген мәселе аналарды мазалайды.
Қылилық сыртқы ақау арқылы – көздердің/көздің мұрынға немесе самайға қарай, үстіге немесе астыға қарай ауытқуы нәтижесінде байқалады. Сонымен қатар көзі қыли науқастың көзі қосарланып көрінеді, басы айналып, басы ауырады, көру қабілеті төмендеп, амблиопия туындауы мүмкін.
Соңғы кезде жасөспірімдер арасында өзіне қол жұмсау жағдайлары жиі кездесіп отыр. Өзін өлтірудің жиі байқалатын себептері, негізінен, депресссиялық көңіл-күйге байланысты болады.